ҚР ТБТ тіркеу шарттары
ҚР ТБТ-де тіркелген турагенттердің назарына!
2015 жылғы 1 мамырдан бастап ҚТА Кеңесінің шешіміне сәйкес, 2015 жылдан бастап ҚР Турагенттерінің Бірыңғай Тізілімінде (ҚР ТБТ) тіркелген туристік агенттіктерге ҚТА ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН МҮШЕЛЕРІ мәртебесі беріледі.
Осыған байланысты, 2012-15 жылдар кезеңінде берілген ҚР ТБТ-де тіркеу туралы куәліктер ЖАРАМСЫЗ деп танылады!!!
Қайта тіркеу мәселелері бойынша эл.пошта арқылы байланысуыңызды сұраймыз: reestr@kaztour-association.com
Анықтама телефоны: +7 (727) 293 84 23
Біздің мекен-жайымыз: A26G7P8, Алматы қ., Шевченко к-сі, 14, 2 кеңсе.
ҚТА дирекциясына келесі құжаттарды ұсыну:
1. Турагент туралы мәліметтерді Тізілімге енгізу туралы туристік агенттік басшысының мөрімен және қолымен куәландырылған жазбаша өтініш. 2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың көшірмесі (ЖШС үшін). Жеке кәсіпкер куәлігінің/анықтамасының көшірмесі (ЖК үшін). 3. Турагенттік қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама және Хабарламаны қабылдау туралы талон. 4. Заңды тұлға басшысының өкілеттіктерін растайтын лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі (заңды тұлға басшысының өкілеттігі туралы мәліметтерді растау үшін). 5. Заңды тұлға басшысының жеке куәлігінің көшірмесі. Егер шетелдік азамат басшы болып табылса –паспорттың орыс тіліне аудармасының нотариалды куәландырылған көшірмесі, жұмысқа рұқсаттың көшірмесі (заңды тұлғаның басшысы туралы мәліметтерді растау үшін). Ұсынылатын барлық құжаттар компанияның мөрімен және басшының қолымен бекітіледі және ҚТА мекенжайы бойынша жіберіледі: Алматы қ., Шевченко к-сі, 14, 2 кеңсе Сондай-ақ, ОНЛАЙН-ФОРМАНЫ пайдаланып, тіркеуге қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін жіберуге болады. Бұл сіздің ҚР ТБТ тіркелуіңізді тездетеді.
1 кезең
ҚТА-да өтінімді қарау:
ҚТА заң қызметі құжаттардың электрондық көшірмелеріне құқықтық сараптама жүргізеді. ҚТА Кеңесі агентті тізілімде тіркеу туралы оң шешім қабылдағаннан кейін агентке электрондық поштасына 7 АЕК мөлшерінде тіркеу жарнасын төлеуге шот жіберіледі (ҚТА-ның толық мүшелері үшін ҚР ТБТ-не тіркеу/қайта тіркеу — тегін).
2 кезең
Агенттің шотты төлеуі, құжаттар топтамасын (түпнұсқаларын) ҚТА-ға жіберу:
Агент шотты төлейді және әкеледі немесе пошта арқылы жібереді:
Құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелерінің пакеті (1 кезеңді қараңыз), және Қауымдастырылған мүшелік туралы келісімшарт 2 данада (қолы мен мөрі бар).
3 кезең
Сертификат беру (немесе пошта арқылы жіберу):
ҚТА қызметкері құжаттар пакетін алған кезде құжаттардың қағаз көшірмелерінің нөмірлерін электрондық көшірмелерімен салыстырып тексереді, төлем туралы түбіртекті қабылдайды және бұрын басып шығарылған және қол қойылған сертификатты береді. Сондай-ақ агентті тізілімге енгізеді. Осылайша, агент ҚТА кеңсесіне бір рет келеді немесе бір рет құжаттар пакетін пошта арқылы жібереді.
Егер жеткізілген құжаттар пакеті олардың электрондық нұсқасына сәйкес келмесе, ерекшеліктер орын алуы мүмкін. Агенттің тізілімге қатысу процесінің 90% автоматтандырылған.
4 кезең