Гид/экскурсовод туралы ақпарат
Сәлеметсіздер ме? Қазақстанға қош келдіңіздер! Менің атым Айдана, мен қытай тілінде қызмет көрсететін гид-аудармашымын. Алматы қаласы мен Қазақстанның басқа өңірлері бойынша экскурсиялар жүргіземін. Экскурсия барысында сіздерді еліміздің тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен және көрікті жерлерімен таныстырамын. Саяхатыңыздың қызықты әрі есте қаларлық болып өтуіне сенімдімін, ал сапарымыз ды бастайық!
Экскурсия түрлері:
тарихи-өлкетану
табиғаттану
топтық
авторлық
этнографиялық
мұражай
Авторлық экскурсияның сипаттамасы
Менің авторлық экскурсиям Алматы қаласының тарихи және мәдени орындарын, сондай-ақ табиғи көрікті жерлерін қамтиды. Экскурсия барысында қонақтар Алматының тарихымен, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерімен танысады. Бағдарламаға Панфилов саябағы, Вознесенск соборы, Көк-Төбе, Медеу, Шымбұлақ және басқа да танымал нысандар кіреді. Сонымен қатар Шарын шатқалы, Көлсай көлдері сияқты табиғи аймақтарға да экскурсия ұйымдастырылады.
Гид экскурсиялары
Алматы қаласының ішіндегі тарихи мәні бар көшелер ,саябақ пен құрлыстар сонымен қатар демалыс орындары,мысалы,көк төбе,шымбұлақ т.б. Сонымен қоса Шарын Көлсай сияқты облыстық саяхат орындарына апарамын таныстырамын
Қызықты фактілер
Экскурсия барысында мен тарихи деректерді қызықты оқиғалармен және жергілікті аңыздармен байланыстырып түсіндіремін. Қонақтарға қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық тағамдары, мәдениеті туралы қызықты мәліметтер ұсынамын. Сонымен қатар туристерге әдемі фотосурет түсіруге қолайлы орындарды көрсетіп, сапардың жайлы әрі есте қаларлық болуына көмектесемін.
Гид туралы пікірлер
{{ reviewsTotal }}{{ options.labels.singularReviewCountLabel }}
{{ reviewsTotal }}{{ options.labels.pluralReviewCountLabel }}
{{ options.labels.newReviewButton }}
{{ userData.canReview.message }}
