Тізілім туралы
Қазақстан Туристік Ассоциациясымен (ҚТА) құрылған бұл тізілім экскурсовод және гид ретінде заңды қызметті жүзеге асыратын азаматтардан ҚТА-ға түскен өтініштер негізінде әзірленген.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, гид қызметіне лицензия талап етілмейді, алайда кәсіпкерлік және туристік қызмет субъектісі ретінде тиісті құжаттармен және ұйымдық-құқықтық нысанмен расталған кәсіби дайындық қажет.
Тізілімнің негізінде – Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын экскурсоводтар мен гидтердің түйіндемесі болып табылатын электрондық деректер базасы. Тізілімдегі ақпарат ашық және жалпыға қолжетімді болып табылады және ҚТА-ның ресми сайтында орналастырылады (kaztour-association.com).
ҚТА экскурсоводтары мен гидтерінің тізілімі – Қазақстанның кез келген қаласында немесе аймағында сертификатталған, аккредиттелген, сертификатталған (және, әрине, Тізілімге енгізілген) экскурсовод пен гидті табуға көмектесетін навигатор болып табылады.
ҚТА экскурсоводтар және гидтер департаментіне кіру үшін келесі құжаттар қажет:
Толтырылған өтініш (қосымшадан қараңыз)
Толтырылған экскурсовод картасы (қосымшадан қараңыз)
Жеке куәліктің көшірмесі
Сертификаттардың, экскурсовод куәліктерінің, дипломдардың және грамоталардың көшірмелері
Екі дана 3х4 фотосурет
5 АЕК көлемінде жыл сайынғы мүшелік жарна төлемі
Барлық құжаттарды алғаннан кейін, ҚТА өз мүшелерін Қазақстан Республикасының экскурсоводтары мен гидтерінің тізіліміне енгізеді, ҚТА ішкі және кіру туризмінің чатына және апта сайынғы “Вестник КТА” газетінің таратылымына қосады.
ҚТА іс-шараларына қатысуға құқығыңыз бар және сала мәселелері бойынша жүгіне аласыз.
ҚТА әр мүшесіне экскурсоводтың бейджі беріледі.