Гид/экскурсовод туралы ақпарат
Сәлеметсіз бе!
Менің атым Айдынгүл — мен сіздің саяхатыңызды жай экскурсия емес, есте қалатын ерекше әсерге айналдыратын гидпін. Мен тек ақпарат айтып қоймаймын. Мен сізге қаланың тарихын “тірілтіп”, оның рухын сезінуге көмектесемін. Әрбір көше мен әрбір орынның өз тарихы бар, ал мен сол тарихты сізге қызықты әрі түсінікті түрде жеткіземін. Менімен бірге сіз:
қаланы басқа қырынан көресіз ,тек туристер емес, жергілікті тұрғындар білетін жасырын орындарға барасыз, қызықты деректер мен ерекше оқиғаларды білесіз
ең әдемі фото орындарын табасыз
Экскурсия түрлері:
тарихи-өлкетану
тарихи-өмірбаяндық
табиғаттану
этнографиялық
мұражай
археологиялық
Гид экскурсиялары
Алматыда: 28 гвардияшы-панфиловшылар паркі, Көк базар, Көктөбе, Шымбұлақ, Музейлер.
Шымкентте: Абай паркі, Үш би, Шымқала. Түркістанда: Қожа Ахмет Ясауи, Керуен сарай
Қызықты фактілер
Вознесенский кафедралды соборы толықтай ағаштан, бірде-бір шеге қолданылмай салынған және күшті жер сілкінісіне төтеп берген; Медеу — әлемдегі ең биік таулы мұз айдындарының бірі, онда көптеген рекордтар қойылған; Көктөбе тек әдемі көрініс емес, қала тарихына байланысты қызықты деректерге толы; көк базар арқылы жергілікті халықтың мәдениеті мен дәстүрін дәм арқылы сезінуге болады
Гид туралы пікірлер
{{ reviewsTotal }}{{ options.labels.singularReviewCountLabel }}
{{ reviewsTotal }}{{ options.labels.pluralReviewCountLabel }}
{{ options.labels.newReviewButton }}
{{ userData.canReview.message }}
