loader image
72c78b2d-6efc-4a35-b98c-733258e312b4 - aiala Ayala
Жуасбек Гүлбахар
Гид/экскурсовод

Телефон

+77071237075

WhatsApp

+77071237075

Тілдер

Казахский, Китайский

Қала

Алматы

Тізілімдегі нөмір

А150

Гид/экскурсовод туралы ақпарат

Мен саяхатшыларға саяхат орындардың тарихын, мәдениетін түсіндіріп, ең қызықты әрі маңызды нүктелерді көрсетемін. Мысалы, Алматы қаласында саяхат кезінде мен Көктөбе, Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ сияқты орындарды тиімді әрі қызықты түрде саяхатшылармен аралай аламын, менің ойымша бұл қызмет уақыт үнемдеуге, жаңа ақпарат алуға және сапарды жайлы етуге көмектеседі.

Экскурсия түрлері:

тарихи-өлкетану

топтық

этнографиялық

мұражай

шолу

Авторлық экскурсияның сипаттамасы

Мен Шарын шатқалы бағыты бойынша авторлық экскурсиялар ұйымдастырамын. Тур барысында саяхатшыларды өзім гид ретінде бастап, шарынның табиғаты және ерекшеліктері туралы қызықты мәліметтермен бөлісемін. Сапар қауіпсіз, ыңғайлы әрі әсерге толы өтеді.

Гид экскурсиялары

Мен гид ретінде Алматы қаласының ерекше әрі көрікті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырамын. Қала ішінде Көктөбе, Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ сияқты нысандарды қамтимын. Сонымен қатар қаладан тыс бағыттар бойынша да турлар өткіземін: Көлсай көлдері және Шарын шатқалы. Экскурсия барысында табиғат, тарих және жергілікті ерекшеліктер туралы толық ақпарат беріп, сапарды қызықты әрі жайлы өткізуге көмектесемін.

Қызықты фактілер

Мен көбінесе Қытайдан келген саяхатшылармен жұмыс істеймін, сондықтан олардың мәдениеті мен қызығушылықтарын жақсы түсінемін. Экскурсия барысында ақпаратты түсінікті әрі қызықты жеткізіп, әр туристке жеке көңіл бөлемін. Алматы және Шарын шатқалы, Көлсай көлдері сияқты бағыттарда тек стандартты мәлімет беріп қана қоймай, жергілікті өмір, дәстүр және ерекше оқиғалармен бөлісемін. Бұл туристерге сапарды тереңірек сезінуге және ұмытылмас әсер алуға мүмкіндік береді.

Гид туралы пікірлер

{{ reviewsTotal }}{{ options.labels.singularReviewCountLabel }}
{{ reviewsTotal }}{{ options.labels.pluralReviewCountLabel }}
{{ options.labels.newReviewButton }}
{{ userData.canReview.message }}
Scroll to Top